Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 15-18 тамыз аралығында облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Әуежыландары» облыстық қашықтан онлайн байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен әлеуметтік белсенділіктерін жетілдіру, оқушыларды өз бетімен дамуға бағыттау, ғылым мен техникаға қызығушылықтарын, «Авиа үлгілеу» үйірмесіне деген ынтасын, шығармашылықтарын арттыру.
Байқауға оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай екі категория бойынша ұйымдастырылды: «Шағын батпырауық моделі», «Күрделі батпырауық моделі».
Байқауға Жаңақала, Теректі, Тасқала, Бөкей Орда аудандары және облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының оқушылары қатысты. Барлығы сұраныс білдірген 16 оқушы қатысты.
Облыстық қашықтан байқаудың жеңімпаздары болып төмендегі оқушылар танылды:
«Шағын батпырауық моделі» категориясы бойынша:
І орын – Қыдырғали Ж., Қалымжан И. – Бөкей ордасы ауданы аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушілері, https://youtu.be/F16ZXtSdWYA; https://youtu.be/eZ2V8oneACo;
ІІ орын – Қабдол Д., Сагинов М.,Жұмаділдә Д., Сағынәлі С. Жаңақала ауданы Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының тәрбиеленушілері, жетекшісі Төлегенов Ж. https://youtu.be/CCddnPPUM2s;
ІІІ орын – Нурланов Д. Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушісі, жетекшісі Миргалиев А
«Күрделі батпырауық моделі» категориясы бойынша:
І орын – Талғат А., Ғабыл-Манапов Е. - Бөкей орда ауданы аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушілері, Жетекшісі Мусафин Н.
https://youtu.be/yltHAGk-Ok; https://youtu.be/DAXufwphCJc
ІІ орын – Корсаков В., Шапошкинов Д. – облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушілері, жетекшісі Халиуллин Л.;
ІІІ орын – Утебалиев А.- Бәйтерек ауданы, тәрбие жұмыс орталығының тәрбиеленушісі, жетекшісі Буховец Н.
Байқау жеңімпаздары білім басқармасының грамотасымен марапатталды.