
ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың
өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау мақсатында 2020 жылғы 14-16 қыркүйек күндері қашықтан форматында техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың
(әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысы өткізілді.
Қашықтық жарысқа БҚО құрамасында облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы мен Бөкей ордасы ауданының аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушілерінен 18 оқушы қатысып, өз бақтарын сынады.
Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының 2020 жылғы 17 қыркүйектегі №1 хаттамасына сәйкес облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушілері төмендегідей жүлделі орындарды иеленді:
2 орын – ДаниярУтепбергенов, «Кеме модельдері» категориясынан «Ф-2-А» класы бойынша;
2 орын – Оралбек Есболов, «Кеме модельдері» категориясынан «FSR – ECO – STANDART» класы бойынша;
3 орын – Сұлтанбек Максутов, «Радиомен басқарылатын көлік модельдері» категориясынан «Багги 1:8 ДВС, 1:10 ДВС» класы бойынша.