Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес
2020 жылдың 21 тамызында облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «РобоОлимп» облыстық қашықтық онлайн ойын-байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: балалардың техникалық шығармашылығын дамыту және роботты жинақтауда ең тиімді тәсілдерін таңдау, оқушылардың техникалық шығармашылыққа және роботтық техникаға деген ынтасын арттыру.
Байқауға Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Шыңғырлау, Тасқала, Теректі аудандары, Орал қаласының Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясы және М.Өтемісов атындағы балаларды сауықтыру мектеп-интернатының оқушылары қатысып, техникалық шығармашылықтарын көрсете білді.
Облыстық қашықтан байқаудың жеңімпаздары болып төмендегі оқушылар танылды:
«13-17 жас» категориясы бойынша:
І орын – Жумагелиев Жарқын, Жәнібек аудандық МТЖО тәрбиеленушісі, жетекшісі Сағадатов Е.Б. https://youtu.be/WEX7AUOc_7Y
ІІ орын – Насиев Марғұлан, Нәси Жұмағазы, Жәнібек аудандық МТЖО тәрбиеленушілері, жетекшісі Сағадатов Е.Б. https://youtu.be/RsNTtptZqJU
ІІІ орын – Ғадылбек Ернар Рамазанұлы, Бөрлі ауданы, Қарақұдық мектеп-балабақша кешенінің тәрбиеленушісі, жетекшісі, Жайнагуль Көптилеуовна https://youtu.be/Xw9opfEAzJw
«9-12 жас» категориясы бойынша:
І орын – Қанатқали Қанжар, Жаңақала аудандық МТЖО тәрбиеленушісі, жетекшісі Насымбаева А.У. https://youtu.be/XSPkkhUvUoU
ІІ орын – Құттымұрат Еркінбек Әлібекұлы, Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылы, Ғ.Махамбетов атындағы ОЖББМ оқушысы, жетекшісі Тасболатов Т.А. https://youtu.be/PDDY7SuNUuc
ІІІ орын – Ерсайын Айжан, Казталов ауданы, Ғ.Молдашев атындағы ОЖББМ оқушысы, жетекшісі Мендигалиев Н.Е. https://youtu.be/PhQ0zJUgw_s
Байқау жеңімпаздары білім басқармасының грамотасымен марапатталды.