Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 9-16 қыркүйек күндері облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» онлайн ІТ марафоны өткізілді.
Марафонның мақсаты мен міндеті:
- балалардың техникалық шығармашылығын дамыту және тарату;
- ІТ саласында құзыреттілікті және зерттеу қызметінің дағдыларын қалыптастыру;
- ІТ саласында қолданбалы жобалар мен өзіндік жұмыс жасай білу;
- Өскелең ұрпақты кәсіби бағдарлау.
Байқауға Ақжайық, Жаңақала, Казталов, Қаратөбе, Тасқала аудандарының мектептен тыс жұмыс орталықтары, Орал қаласының білім беру бөлімінің №№ 14, 24, 44, 48 жалпы орта білім беретін мектептері және ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернатының оқушылары қатысып, техникалық шығармашылықтарын көрсете білді.
Облыстық онлайн ІТ марафонының жеңімпаздары болып төмендегі оқушылар танылды.
І орын – Кирейханұлы Дәулетхан, Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушысы; https://youtu.be/I37YPt3zwzg
ІІ орын – Талапқали Мадияр, Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының оқушысы; https://youtu.be/w3o75j5NG2g
ІІІ орын – Утепбергенов Данияр, Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының оқушысы; https://youtu.be/mTAnW8eiROc