Облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес 2020 жылдың 24 қыркүйек күні «Дарын» қосымша білім орталығы «Әл-Фараби – ұлы даланың ұлы тұлғасы» атты облыстық сырттай мақалалар байқауын өткізді.
Байқауға 123 қатысушы оқушылардың жұмыстары электронды пошта арқылы қабылданды.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- Әбу Насыр әл-Фарабидің мұрасын кеңінен насихаттау, оқушыларды әдебиетке деген қызығушылығын арттыру;
- Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын кең көлемде ақпараттандыру;
- Жас қаламгерлер шығармашылығының дамуына қолдау көрсету.
Байқау материалдары өзектілігі мен маңыздылығына, мазмұнының ашылу тереңділігі мен идеясына, жанрлық шарттары, жаңа әдіс,оны стильді қолданысқа енгізе білу,тілі және стилінің ұғынықтылығы,тың ақпаратта сараптау мен зерттеу әдістері бойынша сарапталды.
І орын – Айдынғалиева Марал, Теректі ауданы, Социолизм НОББМ, 9 сынып.
ІІ орын – Болат Үлпілдек , Казталов ауданы, Қараөзен МЛ, 7 сынып;
ІІ орын – Кунеева Анелия, БҚО, №8 ДБАМОМ.
ІІІ орын – Телеугалиева Назерке, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, №6 МЛ, 9 сынып;
ІІІ орын – Жоламан Саясат, Бөкей Ордасы ауданы, Ш.Жексенбаев атындағы ЖОББМБ;
ІІІ орын – Гайнуллиева Дильназ, Тасқала ауданы, Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББМ, 10 сынып;
Алғыс хат – Төребай Айбөбек, Ақжайық ауданы, М.Әуезов атындағы №2 ОЖББМ,10 сынып;
Алғыс хат – Аманова Азатгүл, Сырым ауданы, ЖББ Сырым ОМБК;
Алғыс хат – Бесембай Мадина, БҚО, №8 ДБАМОМ, 8 сынып.
Жеңімпаздар І,ІІ,ІІІ орындармен және алғыс хаттармен марапатталып, қатысушылардың барлығына сертификаттар берілді.