
ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2020 жылы 22 қыркүйек күні білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және әрі қарай дамыту бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік пен мәдени құндылықтарға араластыру мақсатында «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауын қашықтан өткізді.
Республикалық қашықтан өткен фестиваль-байқауға облысымыздан Ақжайық аудандық балалар шығармашылығы орталығының «Дарын» би тобы қатысып, қорытындысында «Заманауи би» номинациясы бойынша
ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.