
2020 жылдың 4 қараша күні білім басқармасының ұйымдастыруымен облыстық ата-аналар комитетінің «Қауіпсіз күзгі каникул. Белсенді ата-ана» тақырыбында онлайн кеңесі өткізілді.
Кеңеске әр ауданның ата-аналар комитетінің төрағалары және аудандық, қалалық білім бөлімінің тәрбие жұмысы бойынша әдіскерлері, облыстық мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Кеңесте басқарма басшысының орынбасары Светлана Ибрагимқызы Темірғалиева ата-аналар комитетінің және оқушылардың күзгі каникул кезінде бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша жұмыс жоспарымен таныстырып, баяндады.
Сонымен қатар, БҚО Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызмет басқармасы ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы Диляра Махмудовна Сатарова қазіргі таңдағы балалар қауіпсіздігі жөнінде ата-аналармен ой бөлісіп, облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаты директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Айболат Тоғайұлы Қожанғалиев отбасындағы әке рөлін арттыру бойынша өз ұсынысын атап өтті.
Кеңесте дауыс беру арқылы Бәйтерек ауданының ата-аналар комитетінің төрағасы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Дүзбатыров Нұржан Тоғызбайұлы облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы болып сайланды.