«Қызықты демалыс әлемі» қайырымдылық жобасы

«Қызықты демалыс әлемі» қайырымдылық жобасы

Еріктілер жылы аясында медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында 2020 жылдың 6-31 тамыз аралығында «Қызықты демалыс әлемі» атауымен қайырымдылық жобасы жүзеге асты.

Бұл жоба пандемия кезінде індетпен бетпе-бет күресіп жүрген медицина қызметкерлерінің балаларына арналды.

Жоба аясында медицина қызметкерлерінің балаларына музыкалық, экологиялық, туризм, техникалық, көркемөнер және тағы да басқа бағыттарда тегін курстар ұйымдастырылды.

Барлығы 500-ден астам бала қамтылды.