Жалпы білім беретін ұйымдарының түлектеріне арналған ХІІІ Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінің қорытындысы

      Олимпиадаға республиканың жалпы білім беру ұйымдарының бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған биылғы оқу жылының түлектері қатысты.

       Олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындады: математика, физика, химия және биология.

         2020 жылдың 18 қарашасы күні қашықтықтан жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі өткізіліп, нәтижесінде жоғары ұпай жинаған 20 оқушы республикамыздың барлық өңірлерінде 2020 жылдың 24 қарашасында бір мезгілде өткен олимпиаданың екі турына қатысты.

            Олимпиаданың онлайн-форматта өткен іріктеу кезеңінен жоғары балл жинап, ағымдағы жылдың 3-4 желтоқсан күндері қашықтықтан өткен Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңіне 9 оқушы қатысты. Қорытындысында  дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей  интернатының  оқушысы Ибрагим Диас пен Ақжайық ауданы Қ.Байсықов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің  оқушысы Кайырбекова Аяжан жүлделі ІІІ орынды иеленді.