«Ақберен” қазақ әдебиеті мен музыкалық импровизациядан VII Республикалық конкурсының қорытындысы

«Ақберен” қазақ әдебиеті мен музыкалық импровизациядан VII Республикалық конкурсының қорытындысы

«Ақберен” қазақ әдебиеті мен музыкалық импровизациядан VII Республикалық конкурсының қорытындысы

      Жас ұрпақтың бойында отаншылдық  рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау және қолдау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы шығармашыл оқушылар арасындағы VII республикалық «Ақберен» өнер байқауын (бұдан-әрі Байқау) ағымдағы  жылдың  9 -11 желтоқсан аралығында қашықтықтан өткізілді.

Байқау 6 номинация бойынша өткізілді:
1. Шешендік, білгірлік сайысы (қазақ тарихы, мәдениеті, фольклоры туралы сұрақтарға жауап беру, шешендік өнер тарихын білу, шешен сөйлеу);
2. Көркемсөз оқу (поэзия, проза, драмалық шығармалардан үзінді);
3. Эссе жазу;
4. Ұлттық аспапта өнер көрсету (домбыра, қобыз, жетіген және т.б.);
5. Ақындар айтысы;
6. Ақындар мүшәйрасы.

        Шығармашыл оқушылар арасында өткізілген байқау қорытындысы бойынша  «Көркем сөз оқу» номинациясында Көктерек орта жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Аманғалиева Нұрайна, «Ақындар айтысы» номинациясында дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы  №11 облыстық  мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Темір Нұрдана 2-ші орын иегері атанды.

    «Ақындар мүшәйрасы» номинациясындағы дипломмен дарынды балаларға арналған  С.Сейфуллин атындағы  №11 облыстық  мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып  Ерболова Ақгүлім ие болды. 

      «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясына қатысқан   дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық  мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы  Амангелді Шапағат грамота иегері атанды.

         Жеңімпаздарымыздың өнерлері үстем болып, өнер шыңында биіктерден көріне берулеріне тілектеспіз.