
Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында қашықтықтан республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауының қорытындысы
Ағымдағы жылдың 10-12 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының хаты негізінде Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналаған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру шеңберінде және ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында қашықтықтан республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауы оздырылды. Ережеге сәйкес екі бағытта өткен байқауда «Жүрегімнің бойына терең бойла...» атты эссе бойынша:
І орын – Ибрагим Мадина, Бәйтерек ауданы Дариян мектеп-гимназия интернатының 9 сынып оқушысы;
І орын – Тилекқалиева Ақжарқын Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы.
ІІ орын – Ерболат Манас, Казталов ауданы, Казталов мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы.
ІІІ орын – Маряк Дильназ, дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы;
ІІІ орын – Наурызғалиева Назерке, Казталов ауданы, К.Мендалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы.
Алғыс хат – Мақсот Аяжан, Сырым ауданы, жалпы білім беретін Көздіқара негізгі мектебінің 8 сынып оқушысы;
Алғыс хат – Ғайса Жасмин, Бәйтерек ауданы, Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы;
Алғыс хат – Малқайдар Аружан, Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы.
Екінші бағыт «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» атты ақындар мүшәйрасы бойынша:
ІІ орын – Қабиден Бекнұр, Казталов ауданы, К.Мендалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы;
ІІ орын – Абдраманова Жансая, Бәйтерек ауданы, Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы;
ІІ орын – Дидарқызы Дильназ, Жаңақала ауданы, Айдархан жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы.
ІІІ орын – Болат Айнара, дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы.
І орын иегерлері «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының дипломы және сыйлыққа смарт сағат, ІІ орын иегерлері «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының дипломы және сыйлыққа сымсыз құлаққап, ІІІ орын иегерлері де «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының дипломымен марапатталып, сыйлыққа SONY маркалы компьютер құлаққабы оқушылардың мекен-жайына жіберілетін болды.
Жеңіс тұғырынан көрінген жеңімпаздарымыздың барлығына қаламдарыңыз ұштала берсін. Ата-аналарыңыздың, ұстаздарыңыздың еңбегі ақталып, жеңістің биік шыңдарын бағындыра берулеріңізге тілекшіміз.