БҚО ӨКІЛДЕРІ «ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАЛҒАСАДЫ» БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

БҚО ӨКІЛДЕРІ «ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАЛҒАСАДЫ» БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
Түркістан қаласында өткен V Ұлттық қайырымдылық конференциясы аясында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асырылған қайырымдылық бастамалар қорытындыланды.
Конференция аясындағы «Жақсылық жалғасады» бейнероликтер байқауында Батыс Қазақстан облысының екі ұйымы жүлделі орындарға ие болды.
🏆 I орын – Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі.
Ауылдық кітапханалар базасында «Жаңа клуб/Лайық club» комьюнити-орталықтарын құру жобасы таныстырылды.
🏆 II орын – Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «Мерей» жалпы орта білім беретін мектебі.
Мектеп «Ауыл мектебі: тең мүмкіндік – Батыс Қазақстан облысы»қайырымдылық жобасы аясындағы жұмысын ұсынды.
Екі жүлдегерге де жүлде ретінде толық жинақталған спорт алаңы белгіленді.
Бұл – қайырымдылық бастамалардың нақты нәтижесі, игі істің ел игілігіне ұласуының жарқын көрінісі.
Жақсылық жалғасады. Жақсылықтан мүмкіндік туады!