МЕКТЕПТІҢ ТІРЕГІ – ҰСТАЗ!

МЕКТЕПТІҢ ТІРЕГІ – ҰСТАЗ!
Ұстаз – білім мен тәрбиенің шамшырағы, шәкірт жүрегіне жол тауып, болашағына бағыт беретін ардақты тұлға. Бір білім ордасында бірнеше ондаған жыл бойы еңбек ету – ұстаздық мамандыққа деген адалдық пен сүйіспеншіліктің айқын көрінісі.
Т.Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі ұстаздарымызды ерекше мақтан тұтамыз:
🔹 Қаргин Жасқайрат Наурызұлы – 34 жыл
🔹 Кубаев Мереке Өтегенұлы – 33 жыл
🔹 Кушанова Гульнар Әмірғалиқызы – 31 жыл
🔹 Илимисова Эльмира Амангелдіқызы – 31 жыл
🔹 Умашева Жанар Болатқызы – 31 жыл
🔹 Шукурова Гүлсара Сатуқызы – 31 жыл
🔹 Кумашев Жасұлан Әмірханұлы – 30 жыл
Әрқайсыңыздың саналы ғұмырыңыз бен еселі еңбектеріңіз – мектеп тарихының ажырамас бөлігі. Талай шәкіртке білім беріп, өмір жолына бағыт сілтеп, ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып келесіздер.
🌷 Құрметті ұстаздар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, шәкірттеріңіздің жетістігіне куә бола беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс пен ұзақ ғұмыр тілейміз!
💐 Ұстазға құрмет – білімге құрмет!
Сіздердің еңбектеріңіз – ұрпақ болашағына қосылған баға жетпес үлес!