ЖӘНІБЕКТЕ ЖАҢА МЕКТЕП ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ЖӘНІБЕКТЕ ЖАҢА МЕКТЕП ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ
Бүгін аудан орталығы Жәнібек ауылындағы теміржолдың арғы бетінде тұратын ағайын үшін ерекше есте қалатын күн болды. А.Оразбаева атындағы негізгі орта мектептің жаңа ғимараты салтанатты түрде қолданысқа берілді.
🏫 Жаңа білім ордасының ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тлепберген Каюпов, аудан әкімі Тимур Шиниязов, ардагер ұстаздар, мәслихат депутаттары, білім саласының қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
Жиында ақжарма тілектер айтылып, салтанатты лента қиылды. Жаңа мектептің есігінің ашылуы-ауыл балаларына сапалы білім алуға, өз қабілеттерін дамытуға мол мүмкіндік береді.
Мектеп 108 оқушыға арналған. Мұнда 28 педагог пен 16 кіші қызметкер еңбек етпек. Білім ордасы заманауи оқу кабинеттерімен, компьютерлік және мультимедиялық құралдармен, кітапхана, спорт залы, асхана және басқа да қажетті бөлмелермен жабдықталған.
Жалпы құны 1 млрд 590 млн 83 мың теңге болатын нысанды «AGA Building Group» ЖШС салып, мектеп ұжымына кілтін табыстады.
✨ Жаңа мектептің табалдырығын аттаған әр шәкіртке сәттілік тілейміз! Білім ордасы талай дарынды ұрпақтың қанатын қатайтып, ауылдың жарқын болашағына қызмет етсін!