Бұл беделді білім додасында қатысушылар әлем тілдерінің құрылымы мен заңдылықтарына негізделген күрделі тапсырмаларды орындайды. Олимпиадада тілдік біліммен қатар логикалық ойлау, талдау жасау және жасырын заңдылықтарды анықтау қабілеті сыналады.
Шыңғыс Карасаев 1–6 сыныптарда Орал қаласының білім беру бөліміне қарасты Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясында білім алып, кейін Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқуын жалғастырып, ерекше үлгідегі аттестатпен тәмамдады.
Жас дарынның бұған дейінгі жетістіктері де жоғары:

Лингвистикадан республикалық және Азия-Тынық мұхиты олимпиадасының алтын жүлдегері;

«Математика және жобалау» халықаралық жобалар байқауының І орын жеңімпазы;

«Бобер» халықаралық информатика байқауының ІІ дәрежелі диплом иегері;

Желілік жасанды интеллект олимпиадасының алғыс хат иегері;

2025 жылы Тайваньда өткен Лингвистикадан халықаралық олимпиаданың Құрмет грамотасының иегері;

2026 жылы Румынияда өткен Лингвистикадан халықаралық олимпиаданың қола медаль иегері. Батыс Қазақстан облысының дарынды түлегін халықаралық деңгейдегі жарқын жетістігімен құттықтаймыз!