Қазақстан құрамасы EJOI 2026 олимпиадасында үш медаль және бір мақтау грамотасын иеленді

Қазақстан құрамасы EJOI 2026 олимпиадасында үш медаль және бір мақтау грамотасын иеленді
2026 жылғы 24-30 шілде аралығында Литва Республикасының Каунас қаласында Информатикадан Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы (European Junior Olympiad in Informatics, EJOI 2026) өтті. Білім додасына 25 елден 100-ден астам оқушы қатысты.
⌨️EJOI - 16 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған информатика саласындағы ең беделді халықаралық олимпиадалардың бірі. Ол дарынды оқушылардың бағдарламалау, алгоритмдеу және компьютерлік ғылымдар бағытындағы қабілеттерін дамытуға арналған.
🧩Олимпиада екі жарыс күнінен тұрды. Қатысушылар әртүрлі күрделілік деңгейіндегі алгоритмдік есептерді шешіп, білімдері мен практикалық дағдыларын сынға салды.
🇰🇿Қазақстан намысын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың информатика пәнінен жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен жасақталған ұлттық құрама қорғады.
🏆Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль және 1 мақтау грамотасын иеленді.
🥇Еламан Алишер, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 8-сынып оқушысы - алтын медаль;
🥈Бельгимбаев Амир, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі