Бүгін Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллиннің бастамасымен басқарма қызметкерлері мен білім беру ұйымдарының өкілдері дәстүрлі велосеруенге қатысты.
Іс-шара таңғы сергіту жаттығуларынан басталды. Мұндай бастамалар дене белсенділігін арттырып қана қоймай, ұжымдағы ауызбіршілік пен серіктестік рухын нығайтуға ықпал етеді.
Шара барысында шілде айында әр сенбі сайын өткен велосеруендерге белсенді қатысқан қызметкерлер мен оқушылар марапатталды.