Қазақстан құрамасы Халықаралық математикалық олимпиадада алты медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Халықаралық математикалық олимпиадада алты медаль жеңіп алды
🇰🇿🇨🇳2026 жылғы 13-21 шілде аралығында Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында 67-ші Халықаралық математикалық олимпиада (International Mathematical Olympiad, IMO) өтті. Әлемдегі ең беделді әрі ең көне зияткерлік білім жарыстарының біріне 117 мемлекеттен 700-ге жуық дарынды оқушы қатысты.
🏆Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
🥈Күміс медаль иегерлері:
• Тимур Мұрат - Алматы қаласындағы «Haileybury Almaty» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
• Әли Еркебұланұлы - Алматы қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
• Батырхан Бейганов - Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.
🥉Қола медаль иегерлері:
• Ерасыл Алтынбек - Алматы қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
• Марғұлан Шарел - Астана қаласындағы Spectrum халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
• Амирлан Аманжолов - Алматы қаласындағы «Haileybury Almaty» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.
👨‍🏫Құрама жетекшілері:
• Асылбек Әбдіәшімұлы Исахов - Қазақстан-Америка еркін университетінің президенті;
• Қанат Қайратұлы Сатылханов - халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері.
📚Халықаралық математикалық олимпиада 1959 жылдан бері өткізіліп келе жатқан әлемдегі ең беделді әрі ең көне пәндік олимпиадалардың бірі. Қазақстан бұл білім додасына 1992 жылдан бері тұрақты қатысып келеді.
❗️Осы уақыт ішінде ұлттық құрама олимпиадаға 34 рет қатысып, 16 алтын, 54 күміс және 86 қола медаль, сондай-ақ 30 Құрмет грамотасын иеленді. Бұл қазақстандық оқушылардың жоғары дайындық деңгейін, педагогтердің жүйелі еңбегін және Қазақстанның халықаралық олимпиадалық қозғалыстағы берік орнын тағы бір мәрте айқын көрсетті.