Астанада Халықаралық биология олимпиадасының жүлдегерлері салтанатты түрде қарсы алынды

Астанада Халықаралық биология олимпиадасының жүлдегерлері салтанатты түрде қарсы алынды
Елорда әуежайында Литваның Вильнюс қаласында өткен 37-ші Халықаралық биология олимпиадасында (International Biology Olympiad, IBO-2026) ел намысын абыроймен қорғаған Қазақстан құрамасын салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
🌍 Әлемнің ең беделді зияткерлік жарыстарының бірінде қазақстандық оқушылар үш күміс және бір қола медаль жеңіп алып, 1996 жылғы ұлттық құраманың ең үздік нәтижесін қайталады.
🏆Қазақстан құрамасының жүлдегерлері:
🥈Қайыркен Ерсұлтан - Павлодар облысындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
🥈Әшірханов Әлихан - Алматы қаласындағы «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
🥈Желтова Софья - Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;
🥉Меженина Евгения - Қарағанды қаласындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы.
👩‍🏫Құрама команданың жетекшілері мен жаттықтырушылары:
🎓Лейла Асқарова - MD Nazarbayev University;
🎓Ілияс Сакимов - «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының әдіскері;
🎓Камиля Садыкова - Nazarbayev University зертханасының үйлестірушісі;
🎓Дінмұхаммед Уразбаев - Астана медицина университетінің студенті.
🤝Әуежайда жүлдегерлер мен олардың жаттықтырушыларын Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Даулетов, ата-аналар, ұстаздар мен жақындары қарсы алып, тарихи жетістікпен құттықтады.
✅Ұлттық құраманың жоғары нәтижесі - мемлекет тарапынан білім беру саласына көрсетіліп отырған жүйелі қолдаудың, олимпиадалық қозғалысты дамытуға бағытталған дәйекті жұмыстың, педагогтер мен жаттықтырушылардың кәсібилігінің және оқушылардың қажырлы еңбегінің жемісі.
❗️IBO-2026 олимпиадасындағы бұл жетістік қазақстандық оқушылардың дайындық деңгейінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, еліміздің халықаралық білім кеңістігіндегі беделін нығайта түсті.