«Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы» брифинг өтті

«Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы» брифинг өтті
2026 жылғы 29 мамыр күні Батыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы» тақырыбында брифинг өтті. Брифингке Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Мирболат Нұржанов қатысты.
Брифинг барысында өңірдегі балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, сауықтыру лагерлерінің дайындығы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазғы кезеңде атқарылатын негізгі жұмыстар туралы кеңінен баяндалды.
Атап айтқанда, жазғы демалыс кезеңінде балаларды сауықтырумен және бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетіні айтылды. Облыс бойынша қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысы жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысына жағдай жасау мәселесіне ерекше назар аударылатыны жеткізілді.
Сонымен қатар балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру барысында санитарлық талаптарды сақтау, өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік және жол-көлік қауіпсіздігі мәселелері басты назарда болатыны атап өтілді.
Брифингте жазғы кезеңде оқушылардың шығармашылық, спорттық және танымдық шараларға қатысуын қамтамасыз ету, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар жалғасатыны айтылды.