
Оның айтуынша, түрлі бағдарлама дайындалған: мектептер жанындағы демалыс орталықтарында 3 млн-ға жуық бала уақыт өткізеді, тағы 168 мың оқушы маусымдық орталықтарда, ал 44 мыңнан астамын – жыл бойғы орталықтар қабылдайды. Әлеуметтік осал санаттағы балаларға ерекше көңіл бөлінді: аз қамтылған отбасылардан шыққан 729 мың бала және ерекше білім беру қажеттіліктері бар 53 мың бала демалыспен қамтылады.Республикалық «Балдәурен», «Бөбек» орталықтарында халықаралық, республикалық пәндік және IT-олимпиадалардың, шығармашылық және спорттық жарыстардың жеңімпаздары қатарынан 5 мың бала сауықтыру және дамыту шараларына қатысады. Ал өңірлерде осындай қолдау 370 мың дарынды балаға ұйымдастырылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық нысандарға полиция инспекторлары тағайындалды, ал қызметкерлердің соттылығы тексерілді.