Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадасының қорытындысы

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадасының қорытындысы

"Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ағымдағы жылдың 14 қыркүйектегі №385/15-11-04 хатына сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада екі кезеңде өтті.

         Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының 2020 жылғы 15 қазандағы №555 бұйрығына сәйкес облыстық дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11  мамандандырылған мектеп-интернатының базасында ІІ кезең оффлайн режимінде өткізілді.

І кезеңге аймақ бойынша облыс мектептерінің 72 оқушысы қатысты.

ІІ кезеңге 25 оқушы, оның ішінде дарынды балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" мектеп-лицей-интернатынан 13, дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернатынан 2, дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан 1, дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектептен 1, Тасқала ауданы "Сәулет" мектеп-лицейінен 1, Орал қаласының №35 мектеп-лицейінен 6 оқушы  қатысты.

          Республикалық кезең 28 қазанда, бірыңғай республиканың барлық өңірлерінде 7-8 сыныптарының оқу бағдарламасы бойынша, республиканың білім беру ұйымдарының 8-9 сынып оқушыларына арналған математика, физика, информатика жергілікті уақытымен  сағат 11:00-13:00, ал  биология, химия және география пәндері бойынша жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-16:00-де  өткізілді.

        Олимпиада қорытындысы бойынша математика пәні бойынша Орал қаласының №35 мектеп-лицейінің оқушысы Махмет Әсет және дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектептің оқушысы Хожантаева Алина ІІІ орын иеленсе, физика пәні бойынша Орал қаласының №35 мектеп-лицейінің оқушысы Васюра Руслан, дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернатының оқушысы Муратова Жанар  ІІІ орын иеленді.

         Биология пәні бойынша дарынды балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" мектеп-лицей-интернатының оқушысы Маулет Адлет – ІІ орын, Орал қаласының №35 мектеп-лицейінің оқушысы Кривошеева Алена, дарынды балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" мектеп-лицей-интернатының оқушылары Кенжебекұлы Тамерлан  мен Имангазиев Мади ІІІ орын иеленсе, химия пәні бойынша дарынды балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" мектеп-лицей-интернатының оқушысы Мағзом Нұрберген ІІІ орын иеленді.

          Жүлдегерлерімізді жеткен жеңісімен құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!