2026 жылғы 26 қаңтардан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің басшысы лауазымына Амертаева Индира Сапаровна тағайындалды.
Индира Сапаровна еңбек жолын 1990 жылы мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметінен бастаған. Әр жылдары:
Орал қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінде әдіскер;
Атырау облысы білім беру басқармасының әдістемелік орталығында Педагогикалық инновацияның менеджменті бөлімінің бөлім басшысы;
Қала білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі;
2023 жылғы желтоқсан айынан бастап басшының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды.
Білімі – жоғары. 2011 жылы Орталық Азия Университетін тәмамдаған.
Жаңа қызметінде сәттілік, жауапты жұмысына табыс тілейміз!