Оралда «Әскери рух – ел қорғаны» әскери-патриоттық форумы өтуде. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Заң және тәртіп» идеологемасы мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылды

Форумға облыс және қала әкімдігінің өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ұстаздар және 600-ден астам мектеп оқушысы қатысуда. Іс-шарада оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, патриоттық сана-сезімін қалыптастыру, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және мамандыққа бағдар беру мәселелеріне басымдық берілді. Сонымен қатар Орал қаласы білім беру бөлімі бірқатар әскери және құқық қорғау құрылымдарымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қойды. Форум аясында әскери-патриоттық және құқықтық бағыттағы «Жас құтқарушы», «Жас сарбаз», «Жас сақшы» сыныптарының көрсетілімдері ұсынылды.