Қаратөбе ауданындағы «Балдырған» бөбекжайында өткен облыстық семинар аясындағы секциялық бөлім балабақшадағы тәрбиенің жаңа бағытын айқын көрсетті. Ұлттық күй әуенімен басталған іс-шара, ұлттық киімдегі балалардың көріністері арқылы тәрбиенің өзегі – ұлттық рух пен мәдениет екенін тағы бір мәрте дәлелдеді

«Ұлттық ойын – ойды өсіреді» жобасы шеңберінде ұйымдастырылған ұлттық ойындар балалардың зейінін, ептілігін, логикалық ойлауын және әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталды. «Бес асық», «Қой көтеру», «Шертпек» сынды ойындар арқылы ұлттық құндылықтар баланың күнделікті тәрбиесіне табиғи түрде енгізілді.
Сонымен қатар, секция барысында заманауи инновациялық тәсілдер де кеңінен таныстырылды. Makey-Makey құрылғысы, STEAM бағытындағы сабақтар, Lego конструкторлары мен жасанды интеллект элементтері баланың қиялын дамытып, цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолы екенін көрсетті.
Ұлттық тәрбие мен инновацияны ұштастырған бұл тәжірибе «Балдырған» бөбекжайының озық бағытын айқындап, мектепке дейінгі білім берудегі жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.