
«Мониторингтен басқарушылық шешімге» әдістемелік пиццерия

Облыстық семинар аясында Қажым Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясында секциялық бөлім өтті. Іс-шараға БҚО білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, білім бөлімдері мен мектеп басшылары қатысты.
Секцияның мақсаты – білім сапасын бағалау мониторингінің нәтижелерін талдап, дерекке негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау тәжірибесін көрсету. Жұмыс «әдістемелік пиццерия» форматында ұйымдастырылып, кәсіби пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Қатысушылар мониторингтің мектеп дамуына әсерін талқылап, оқыту сапасын басқару мен білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.