
Отбасылық тәрбиелеу формаларына көшу қорғаншылық және қамқоршылық органдары жұмысының сапасын арттыруды талап етті. Осыған байланысты аталған органдардағы мамандар саны 3,3 есеге ұлғайып, 303 қызметкерден 1028 маманға дейін артты. Бұл әрбір отбасына жеке сүйемелдеу көрсетіп, балалардың өмір сүру және тәрбиелену жағдайларын жан-жақты зерделеуге мүмкіндік берді.