Брифинг: білім беру саласындағы жоспарлар

Брифинг: білім беру саласындағы жоспарлар
Бүгін БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған «Бюджет параметрлерінің өзгеруі және өңірдегі жағдай туралы» брифингке облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин қатысты.
📅 Брифинг барысында 2026 жылы білім беру саласында жүзеге асырылатын жоспарлар таныстырылды.
🏫 «Әлеуметтік-инвестициялық жобалар» бағдарламасы аясында және Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын орындау мақсатында БҚО білім басқармасына қарасты бірқатар мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
🔧 Бұл бастамалар:
✔️ мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға
✔️ қауіпсіз әрі жайлы оқу ортасын қалыптастыруға
✔️ өңірдегі білім сапасын арттыруға бағытталған.