Кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу – басты назарда

Кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу – басты назарда
Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллиннің төрағалығымен кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлық фактілерінің алдын алу мәселесіне арналған жұмыс отырысы өтті.
👥 Отырысқа:
▪️ басқарма мамандары
▪️ облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығының директоры
▪️ аудан әкімдерінің орынбасарлары
▪️ аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары
▪️ облыстық мектептер мен колледж директорлары қатысты.
🧠 Жиын барысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланды. Аталған бағыт – бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың және Батыс Қазақстан облысының білім беру жүйесінің басым бағыттарының бірі.
📣 Сонымен қатар басқарма басшысы ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиеваның және облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен өткен жиында айқындалған нақты тапсырмалар мен іс-қимыл бағыттарын қатысушыларға жеткізді.
🤝 Отырыс барысында:
✔️ білім беру ұйымдарында психологиялық қолдауды күшейту
✔️ алдын алу жұмыстарын жүйелеу
✔️ жауапты құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды арттыру қажеттігі атап өтілді.
🛡 Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.