Оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті

Оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті
ҚР Оқу-ағарту министрлігінде жаңартылған құрамдағы Оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Іс-шараға сала министрі Жұлдыз Сүлейменова, педагогикалық қауымдастық өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, білім беру және әлеуметтік саясат саласындағы тәуелсіз сарапшылар қатысты.
✅ Алғашқы отырыста Кеңес төрағасы болып бірауыздан Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов сайланды. Сала министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, Кеңестің мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етудегі рөлі айрықша. Кеңес мүшелерінің кәсіби құзыреттілігі білім беру саласындағы шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жұмыс жасайды.
📖 «Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз- балаларымыздың құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шешуші фактор. Біздің басты мақсатымыз – білім саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде қоғамның пікірін ескеру. Қоғамдық кеңестің жұмысы саланы дамытуға, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың ашықтығы мен сапасын арттыруға зор үлес қосады», – деді ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.
📑 Кеңестің алдына қойылған міндеттердің қатарында республикалық деңгейде шешімдер қабылдау кезінде азаматтардың мүддесін білдіру, ведомствоның азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын дамыту, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және министрлік қызметінің жариялылығын қамтамасыз ету.
🔑 Кеңес мүшелері бірнеше негізгі бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді. Олар министрліктің бюджеттік бағдарламалары мен даму жоспарларын талқылайды, олардың іске асырылуына есеп сұрайды. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына тікелей әсер ететін нормативтік-құқықтық актілердің жобаларына сараптама жасайды және қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.