"Келешек мектебі": Жан- жақты дамыған оқушылар- ел болашағы

"Келешек мектебі": Жан- жақты дамыған оқушылар- ел болашағы
Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин Орал қаласындағы «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында салынған №52 мектептің 11-сынып оқушысы облыстық математика пәндік олимпиадасының 🥉 жүлдегері Бурумбаев Алтынбасар Арманұлымен арнайы кездесті.
🌟 Алтынбасар Бурумбаев – дарынды, жан-жақты әрі белсенді оқушы.
Ол:
🌍 Халықаралық «Айбын–2025» әскери-патриоттық сайысының 🥇 жүлдегері
Сонымен қатар, Алтынбасар Круглоозерное жалпы орта білім беретін мектебінде Круглоозерный кентінің құрметті тұрғыны, соғыс ардагері Кенжеғалиев Жұма Имашұлын еске алуға арналған мектеп оқушылары арасындағы әскери-патриоттық спорт ойындарының облыстық кезеңінде:
🔫 АК-74 қаруын бөлшектеп-жинау
💪 кермеге тартылу
бойынша 🥇 І орын иегері атанды.
Ұстазы Мерей Отаровтың айтуынша, Алтынбасар кермеге тартылудан басқа да сайыстарда үздік нәтижелер көрсеткен.
🚀 «Келешек мектептері» – оқушылардың зияткерлік, спорттық және патриоттық қабілетін толық ашуға бағытталған заманауи білім ордалары.
📚🇰🇿 Жан-жақты дамыған ұрпақ – ел болашағы!