
Аккредитация қорытындысы педагогтер мен студенттердің кәсіби дайындығының жоғары деңгейін көрсетті. Өндірістік оқыту шебері халықаралық деңгейдегі практик-маман дипломын алды, ал оқытушыға халықаралық дәнекерлеу маманы мәртебесі берілді. Сонымен қатар 2,3 курс студенттері арасынан 10 білім алушы халықаралық практикалық аттестациядан сәтті өтіп, өз біліктіктерінің еңбек нарығында сұранысқа ие екенін дәлелдеді.