Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыс барлық өңірлерде жүйелі түрде жүргізілуде. Білім беру ұйымдарында бірыңғай тәрбие тәсілдері енгізіліп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға арналған жобалар кеңейтілуде. Осы жұмыстар аясында Қызылорда облысында ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қатысуымен жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша мәжіліс өтті. Мәжіліске облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, күштік орган өкілдері, мектеп пен колледж директорлары, ұстаздар қатысты. Күн тәртібінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тәуекелдерді ерте кезеңде анықтау жайы қаралды.