Білім нысаны назарда: Тайпақ мектебіне жұмыс сапары

Білім нысаны назарда: Тайпақ мектебіне жұмыс сапары
📍 Батыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасының басшысы Елдос Сафуллин Ақжайық ауданы білім беру бөліміне қарасты «Тайпақ жалпы орта білім беретін мектебіне» барды.
🔍 Сапар барысында мектептің 3 қабатты ғимаратының техникалық жай-күйі қаралып, алдағы жөндеу жұмыстарына қатысты нақты тапсырмалар берілді.
📅 Аталған білім ордасы 1981 жылы пайдалануға берілген.
🛠️ 2012 жылы күрделі жөндеуден өткен.
🤝 Кездесу кезінде оқу ғимаратын жаңғырту, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері талқыланды.