Ақжайық ауданы Базаршолан ауылындағы Ғабдолла Махамбетов атындағы орта мектеп күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілді. Осыған орай білім ордасында салтанатты шара өтті.
Шараға облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол білім беру ұйымдарын жаңғырту – өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.
Салтанатты шара барысында Елдос Набиоллаұлы ардагер-ұстаз Қанапия Құсайынұлымен бірге Ғабдолла Махамбетовтің ескерткішіне гүл шоғын қойды.
Жаңартылған мектеп заманауи талаптарға сай жабдықталып, пәндік, компьютерлік және биология кабинеттері соңғы үлгідегі құралдармен қамтамасыз етілді.
Жаңарған білім ордасы – ауыл балаларының жарқын болашағына жасалған нақты инвестиция!