«Келешек мектептері» оқушылары — облыстық олимпиадалардың жүлдегерлері

«Келешек мектептері» оқушылары — облыстық олимпиадалардың жүлдегерлері
«Келешек мектептері» жобасы аясында салынған білім беру ұйымдарында оқитын оқушылардың облыстық пәндік олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетуі — жобаның тиімділігін айқындайтын маңызды көрсеткіш.
🏫 Орал қаласы №52 мектеп оқушыларының жетістіктері:
🥇 Нурмашев Асылхан, 10-сынып (математика)
Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде I орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.
🥉 Бурумбаев Алтынбасар, 11-сынып (математика)
Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде III орын иегері атанды.
🏫 Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы №1 жалпы орта білім беретін мектебі:
🥈 Нияр Дильназ, 11-сынып («Құқық негіздері»)
Облыстық пәндік олимпиадада II орын иеленді.
📌 Аталған жетістіктер — сапалы білім беру мен дарынды оқушыларды қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі.