АУЫЛ МЕКТЕБІНЕН — ҮЛКЕН ЖЕТІСТІККЕ!
2025 жыл — ауылдық мектеп оқушылары үшін де мүмкіндіктерге толы жыл екенін дәлелдеген жарқын мысал!
Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадада
Казталов ауданы
К.Мендалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің
11-сынып оқушысы Абуханова Саида
«Үздік ауыл мектебінің оқушысы»
деген жоғары атаққа ие болды!
Бұл – табандылықтың, білімге деген құштарлықтың және ауыл мектебіндегі сапалы білімнің айқын көрінісі.
Бүгінде Саида
Астана қаласындағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде
орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алуда.