
2025 жылдың 3-9 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен X Республикалық «WorldSkills Kazakhstan 2025» чемпионаты қорытындыланды. Кәсіби шеберлік додасында өңір намысын қорғаған Батыс Қазақстан облысы командасының қоржыны 1 күміс, 1 қола және 11 медальонмен толықты.
🏆Жүлдегерлер мен үздік студенттер чемпионаттың жабылу салтанатында марапатталды.
«Цифрлық модельдеу» құзыреттілігі бойынша:
Күміс медаль – Игнатьева Полина Валерьевна, Орал «Сервис» технологиялық колледжінің студенті.
«Видеомонтаж» құзыреттілігі бойынша:
Қола медаль – Қанат Жантілек Жанғалиұлы, Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенті.
🏅«Үздік медальон» иегерлері:
1️⃣«Сантехника және жылыту» құзыреттілігі – Абай Тұрар Жиенқұлұлы, Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің студенті.
2️⃣«Кірпіш қалау» құзыреттілігі – Бауржан Армат Тимурұлы, Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің студенті.
3️⃣«Наубайшы ісі» құзыреттілігі – Мүтай Гүлсезім Мақсұтқызы, Сервис және жаңа технологиялар колледжінің студенті.
4️⃣«Бизнеске IT шешім» құзыреттілігі – Мақсұт Нұрәділ Нұрболатұлы, Жоғары инженерлік-технологиялар колледжі.
5️⃣«Дәнекерлеу ісі» құзыреттілігі – Батырғазы Али Саматұлы, Жаңақала колледжінің студенті.
6️⃣«Флористика» құзыреттілігі – Ермагамбетова Зарина Ерикқызы, Бөрлі колледжінің студенті.
7️⃣«Мехатроника» құзыреттілігі – Кенжебай Әділ Медетұлы, Иргалиев Даурен Серикович, Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенттері.
8️⃣«Аспаз ісі» құзыреттілігі – Муратов Ерасыл Адилович, Сервис және жаңа технологиялар колледжінің студенті.
9️⃣«Кондитер ісі» құзыреттілігі – Бабушкина Валерия Витальевна, Сервис және жаңа технологиялар колледжінің студенті.
1️⃣0️⃣«Бастауыш сыныпты оқыту» құзыреттілігі – Рашит Радмила Ришатқызы, Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті.
1️⃣1️⃣«Ұшқыш аппараттарды басқару» құзыреттілігі – Сексен Жаният Тлеубергенұлы, Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенті.
👥Чемпионатқа Батыс Қазақстан облысынан 36 құзыреттілік бойынша 42 студент қатысты.
💐БҚО командасын, жүлдегерлер мен үздік студенттерді құттықтаймыз!