«07 АЙМАҚ» туризм бағытындағы қашықтан квест-марафоны

«07 АЙМАҚ» туризм бағытындағы қашықтан квест-марафоны

Облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығы оқушылардың бойында патриоттық және мақтаныш сезімін ұялату, аймақтағы туризм бағытын дамытуға үлес қосу, Батыс Қазақстан облысының аймақтарымен танысу мақсатында 2020 жылдың 18 тамызында «07 АЙМАҚ» туризм бағытындағы қашықтан квест-марафонын өткізді.

Марафонға аудандар мен Орал қаласынан жас мөлшері 7-9 жас, 10-12 жас, 13-17 жастағы жалпы 53 оқушы қатысты. Байқау барысында оқушылар өздері тұратын аймағын танымдық-интеллектуалдық саяхат ретінде слайдпен таныстырды.

Байқау қортындысы бойынша:

7-9 жас аралығы

1 орын – «Білімге апарар жол» - Амангелді Айару (Шыңғырлау ауданы);

2 орын – «Исторические места Богдановскго округа» - Мақсұт Камила (Теректі ауданы);

3 орын – «История у одной улицы» - Баландина Екатерина (Бәйтерек ауданы).

10-12 жас аралығы

1 орын – «КСРО уақытындағы НКВД ғимарат» - Камешова Айша (Бөрлі ауданы);

2 орын – «ХІХ ғ. пайда болған темір жол» - Жанатов Ернар (Тасқала ауданы);

3 орын – «Тарихқа тұнған - Жымпиты» - Мақсұт Гүлжазира (Сырым ауданы).

13-17 жас аралығы

1 орын – «Моя любимая улица» - Калимгереев Арон (Шыңғырлау ауданы);

2 орын – «Менің туған өлкем-Деркөл» - Сырымова Әлия (Орал қаласы);

3 орын – «Біздің тарих ол деген, қалың тарих» - Бигалиева Балауса (Жәнібек ауданы).