🎨 «Жас шебер – 2025» республикалық байқауы

🎨 «Жас шебер – 2025» республикалық байқауы

2025 жылдың 28 қараша күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Көркем еңбек» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Жас шебер» республикалық байқауы өтті.

Байқау «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы «Шабыт» жобасы негізінде ұйымдастырылды.

🔹 Байқауды «Talap» КЕАҚ және Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі жанындағы оқу-әдістемелік бірлестік ұйымдастырды.

🖼 Қатысушыларға «Туған үйдің жылуы» тақырыбында композиция жасау тапсырмасы берілді.

🏆 Кескіндеме номинациясы бойынша
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің
«Көркем еңбек» мамандығының 2-курс студенті
Кикбаев Ислам (жетекшісі – Жонқарбаева Ж.Ж.)
жүлделі ІІІ орын иеленді!

👏 Жеңімпазымызды құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен шабыт тілейміз!

#ЖасШебер2025