📚 Білім саласындағы маңызды кездесу

📚 Білім саласындағы маңызды кездесу


Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин еліміздегі білім беру саласының танымал тұлғасы, ұлағатты ұстаз Ырысбек Мәуітпен кездесті.

🔹 Ырысбек Мәуіт – Қазақстандағы білім саласына ерекше үлес қосып жүрген азамат. Ол:
– «ZERDELI» ақыл-ой дамыту орталықтары мен мектептерінің негізін қалаушы,
– ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері,
– 100-ге жуық оқу құралының авторы,
– 60-тан астам халықаралық және республикалық пән олимпиадасы жеңімпаздарының жетекшісі,
– Математика пәнінің «Шебер» санатындағы педагог,
– «Алтын сақа», «Алтын тұғыр», «Алтын түлек» секілді білім додаларының авторы.

📌 Бүгін "Бастауыш сыныптағы олимпиадалық есептердің шешу тәсілдері" тақырыбында мазмұнды семинар өткізілді.

🔍 Сондай-ақ, «Зерделі ұстаз» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен «Оқу & математикалық сауаттылық: табысты синергия» атты облыстық байқаудың өтетіні хабарланды.

💡 Ырысбек Мәуіттің тәжірибесі мен ізденісі – бүгінгі білім жүйесі үшін құнды. Білім саласындағы осындай ықпалды тұлғалармен пікір алмасу — болашаққа салынған сенімді қадам.