
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 403 резерв мүшесіне сертификат табыстап, кадр резервіне енген білім беру саласының көшбасшыларымен кездесті.
⠀
🔹 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолға алынған бұл жоба – білім жүйесін жаңғыртып, басқару тиімділігін арттыра алатын жаңа буын көшбасшыларын даярлауға бағытталған.
⠀
Батыс Қазақстан облысынан 22 педагог жобаның резервіне енді:
– Орал қаласы – 10
– Бәйтерек ауданы – 4
– Ақжайық ауданы – 3
– Жаңақала және Казталов аудандары – 2-ден
– Бөкейордасы ауданы – 1
⠀
🗯️ Кездесуде министр білім сапасы, кадрлық әлеует, инфрақұрылым мен цифрландыру мәселелерін көтеріп, білім жүйесін реформалауда құндылық, қабілет, әрекет қағидаттарын атап өтті.
⠀
📲 Сондай-ақ жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажеттігін айтып, мектептерге арналған «ЖИ дәуіріндегі табысты мектеп» моделін таныстырды.
⠀
🎯 Мақсат – әр балаға тең мүмкіндік беріп, жаңаша ойлайтын, заманауи көшбасшыларды қалыптастыру.