Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылдың 18 қазанында Орал қаласында «ЕҢБЕК. АДАМ. ҚҰРМЕТ» атты облыстық жұмысшы мамандықтар фестивалі өтті. Ауқымды шараның мақсаты – қоғам назарын жұмысшы кәсіптердің маңыздылығына аудару, еңбек адамына құрмет көрсету және жастарды кәсіби бағытта ынталандыру.
Фестиваль бағдарламасында:
- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының көрмесі
- «ЕҢБЕК. АДАМ. ҚҰРМЕТ» фестивалінің пленарлық отырысы мен марапаттау рәсімі
- «Ауыл аманаты» жобасы мен қайтарымсыз грант иегерлерінің көрмесі
- Ұлттық ойындардан жарыстар
- 12 ауданның жұмысшы кәсіп иелерінің көрмесі (киіз үйлер форматында)
- Ауыл шаруашылығы техникасының көрмесі
- Гала-концерт
Фестиваль еңбек мәдениетін дәріптеуге, кәсіптік білім мен тәжірибені насихаттауға бағытталған. Шара аясында қала тұрғындары мен қонақтары түрлі кәсіби бағыттармен танысып, шеберлер жұмысының нәтижесін көре алды.