
Білім басқармасының жоспарына сәйкес 2020 жылдың
31 шілде - 11 тамыз аралығында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен онлайн форматында «СПОРТ LIVE» қашықтықтан спорттық бағдарлау байқауы өткізілді.
Ережеге сәйкес 10-12 және 13-17 жастар аралығындағы қатысушы ұл-қыздар өзара сайысқа түсті.
Байқау мақсаты: спорттық бағдарлауды танымал ету, спорттық бағдарлау жарысын қашықтықтан жоспарлау сапасын арттыру, оқушылардың спорттық бағдарлауға деген ынтасын арттыру болып табылады.
Байқау күні ZOOM платформасы арқылы қатысушыларға старт және мәре орны белгіленген, солтүстік бағыты көрсетілген толық безендірілген карталарды және осы картада орындалатын тапсырмалар көрсетілген матариалдар жіберілді. Қатысушылар компас, транспортир, сызғыш көмегімен қашықтық сызбасын орындап ұйымдастырушыларға жіберді. Сонымен қатар қатысушылардан жұмыс орындалуын көрсететін
1-2 минуттық видеоматериалдар қабылданды.
Байқау кезеңдеріне жалпы 7 ауданнан 209 оқушы қатысты.
Облыстық байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар
4 топта анықталды:
10-12 жасар қыздар арасында:
1 орын Ниязова Айдана (Сырым ауданы)
2 орын Жанболатқызы Қарақат (Бөрлі ауданы)
3 орын Изгалиева Назым (Тасқала ауданы)
10-12 жасар ұлдар арасында:
1 орын Темірхан Мұрагер (Бөрлі ауданы)
2 орын Қанатқали Санжар (Ақжайық ауданы)
3 орын Серікқали Ернұр (Бәйтерек ауданы)
13-17 жасар қыздар арасында:
1 орын Самиголла Гүлназ (Ақжайық ауданы)
2 орын Беисова Гүлсім (Бөрлі ауданы)
3 орын Пархоменко Валерья (Бөрлі ауданы)
13-17 жасар ұлдар арасында:
1 орын Мақсот Нұрсұлтан (Сырым ауданы)
2 орын Ерғали Али (Ақжайық ауданы)
3 орын Давлетов Батырхан (Бөрлі ауданы)