Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама

Батыс Қазақстан облысы білім  басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама

Батыс Қазақстан облысы білім  басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама

 

Орал қаласы                                                                       02 қазан  2025 жыл

 

Талданатын объект:

«Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Талдау жүргізу мерзімі: 02.09. – 02.10.2025 жыл.

Басқарманың талданатын кезеңі: 2024 жылғы қыркүйек айынан бастап, 2025 жылғы 01 қыркүйек айындағы аралық қызметі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес басқарма басшысының 2025 жылғы 25 тамыздағы №796 бұйрығына сәйкес басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін келесі құрамда жұмыс тобы құрылды:

- А.Темирханова басқарма басшысының орынбасары;

- С.Галиева басқарма басшысының орынбасары;      

- Ә. Ахмет әкімшілік бөлімінің басшысының міндетін атқарушы;  

- Ж.Бекжанова мектепке дейінгі және орта жалпы білімді дамыту бөлімінің басшысы                                

       - Ф.Сүлейменова тәрбие жұмысы, инклюзивті, арнаулы білім беру және балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы;                                                          - Б.Қайратұлы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы;

- Р.Мукатова бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы;

- Ж.Какенова, стратегиялық жоспарлау, материалдық техникалық базаны және күрделі жөндеуді қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.

 

І. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1.1. "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 бұйрығына сәйкес, 135 тармағында шағын жинақталған мектептерде педагогтерді қабылдау алгоритмі көзделмеген. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызады.                                                                                                                                                                                      

Ұсыным: "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы хат жолдау.

  1. Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау жүргізу барысында Басқарманың ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

III. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2025 жылғы 2 қыркүйектегі жағдай бойынша басқармада штат саны 34 адам болған кезде 29 адам жұмыс істейді.

 2024-2025 жылдың басынан бастап 13 адам өз еркімен ауыстырылды (4 - көшу), кадрлардың ауысуы басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің жалпы штат санының 38,2% - ын құрады.

2024, 2025 жылы жалпы конкурс нәтижесі бойынша 5 адам бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға тағайындалды.

Талданып отырған кезеңде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылған жоқ.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.

Барлық мемлекеттік қызметшілердің 2024, 2025 жылға арналған кірістері мен мүліктері туралы декларациялары Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мерзімде тапсырылған.

Қазіргі уақытта мерзімі келген ротациялауға жататын 4 білім беру ұйымдарының бірінші басшылары ротацияланған жоқ.

3.2. Талдау жүргізу барысында бос лауазымның ұзақ мерзімде бос болу фактісі анықталмады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 38-бабына сәйкес,  облыстық атқарушы органдар басшыларының міндеттерін үш айдан аспайтын кезеңге уақытша жүктеуге жол беріледі.

 

Ұсыным: Мемлекеттік қызмет істері БҚО бойынша Департаментіне мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларын түсіндіру бойынша семинар өткізуге ұсыныс хат жолдансын.

  1. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мемлекеттік қызметтер қызметті алушылардың кез-келген жағдаяттар бойынша ашықтық, сапа, қолжетімділік қағидаттары негізінде көрсетіледі.

         Білім саласы бойынша Басқармамен 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

- экстернат нысанында оқыту және «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» - 0;

- еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім  беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы - 96;

- мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау - 79;

- педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау – 1696.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ережеге сәйкес Басқармада рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.

YII. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ережеге сәйкес Басқармада бақылау және қадағалау функциялары жоқ.

         VIII. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  8.1. Талданып отырған мерзімде жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің саны – 1762. Ай сайын өтініштерді зерделеу кезінде

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабының 1-бөлігіне сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі жолданым келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.

  Талдау барысында өтініштерді қарау мерзімінің бұзылу фактілері анықталды (30.06.2023ж. ЗТ-2023-01202849, орындалды 12.09.2023ж;  ЖТ-2023-01770178, орындалды.).

  Өтініштерді қарау мерзімін бұзу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызады.

Ұсыным: жауапты қызметкерге Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша Басқармада құқықтық оқыту ұйымдастырып, мемлекеттік қызметшілерге алдағы уақытта өтініш жауаптарында Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес дұрыс рәсімделуін қадағалау тапсырылсын.

8.2. Бос лауазымға конкурсқа қатысушы тұлғалар бойынша  сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер тексерілу қажет.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика  және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «ақпараттық қызмет» жүйесі тек облыстық, қалалық және аудандық білім беру органдарында орнатылған.

Алайда, білім саласында 900–ден астам білім беру мекемесі болуына байланысты жұмысқа қабылданатын тұлғалардың барлығын тексеруге мүмкіндік жоқ.

Сол себепті, әрбір білім мекемесіне  «ақпараттық қызмет» жүйесін орнату қажет деп санаймыз.

Бұл, бос лауазымға кандидаттардың сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтерді уақтылы анықтауына мүмкіндік береді.

Ұсыным: Ақпараттық қызмет жүйесін орнаты үшін ҚР БП ҚС ж АЕ АК БҚО бойынша Басқармаға хат жолдау.

  1. Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ұсыным: мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгеріс енгізу.

  1. Жасырын қызметтерді анықтау

Басқармамен жасырын қызметтер анықталған жоқ.

Қорытынды: Талдау нәтижесінде нормативтік-құқықтық актілерде, қаржы, кадр, және басқа да сұрақтар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің орын алғанын көрсетті.