
Бүгін Орал қаласында ұстаздар қауымына арналған ерекше жылы жүздесулер мен алғысқа толы облыстық мерекелік шара өтті.
Кеш мазмұны театрландырылған композициямен өріліп, әсер мен эмоцияға толы сәттерге айналды.
💫 800-ге жуық адам – ардагер ұстаздар, бүгінгі білім майталмандары, сала басшылары мен БАҚ өкілдері бас қосқан бұл кеш нағыз жүрекке жеткен ризашылық мерекесі болды.
💐 Облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы барша ұстаздарды мерекемен құттықтап, білім саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан педагогтерге:
– «Ерен еңбегі үшін» медалін
– ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған медальді
– «Еңбек ардагері» медалін
– «БҚО білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісін
– Алғыс хаттарды
салтанатты түрде табыстады.
📚 Облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин ұстаздарды
– «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен
– «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен
марапаттап, ұлағатты еңбектің бағалануы – ұрпаққа деген қамқорлық екенін атап өтті.
🌷 Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары тарту етілді.
🎶 Әсем ән, мың бұралған би, жүректі толқытқан сәттер – бәрі де бүгінгі кештің мазмұнын байытып, ұстаз есімін ұлықтаған ерекше әсер қалдырды.
✨ Бұл – ұстазға деген риясыз алғыс пен ұрпаққа аманаттың айқын көрінісі.