
2025 жылғы 1-3 қазан аралығында Орал қаласындағы «Самал» туристік лагерінің аумағында «Батыс Азимут – 2025» спорттық бағдарлаудан облыстық ашық жарыс өтеді.
⚡ Спорттық бағдарлау – қатысушылардың белгіленген маршрутты мүмкіндігінше жылдам әрі дұрыс өтуін талап ететін, физикалық дайындықпен қатар зияткерлік пен логикалық ойлауды дамытатын ерекше спорт түрі.
🔹 Жарыстың мақсаты:
– Спорттық бағдарлауды насихаттау;
– Салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру;
– Жаттықтырушылар мен спортшылардың біліктілігін арттыру;
– Облыстық құрамаға үздік спортшыларды анықтау.
👥 Жарысқа аудандық, қалалық білім беру мекемелері, колледждер мен туризм орталықтарының командалары қатысады.
🔹 Ұйымдастырушы:
БҚО білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығы.
Жарыс – жасөспірімдердің көшбасшылық қасиеттерін, командалық жұмыс пен жылдам шешім қабылдау дағдыларын шыңдайтын пайдалы әрі қызықты ортаға айналады.