
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазға алғыс» апталығы аясында ерекше бастама көтеріп, өз қызметкерлерінің ұстаздарын елордаға шақырып, құрмет көрсетті.
Бұл мазмұнды шараға Батыс Қазақстан облысынан да 7 ардақты ұстаз арнайы шақыртылды. Олардың әрқайсысы – саналы ұрпақ тәрбиелеуге зор үлес қосқан білікті мамандар:
✨ Кужекешева Шолпан Сабыровна – Тасқала ауданы
✨ Махауова Малика Кашуковна – Ақсай қаласы
✨ Кенжеалиева Акылтай Абатовна – Бәйтерек ауданы
✨ Нуриева Айгүл Сагатовна– Қаратөбе ауданы
✨ Кабдешова Жайнагүл Зинекенқызы – Орал қаласы
✨ Утегалиева Сәбира Хамидуллина – Бөкейордасы ауданы
✨ Абитова Жадыра Ерболқызы – Бәйтерек ауданы
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова ұстаздарға шынайы алғысын білдіріп, мерекелік ықыласын жеткізді.
🎉 Біз де осындай ұлағатты ұстаздармен мақтанамыз!
#ҰстазғаАлғыс #ҰстаздарКүні #БҚОБілім #Мақтанышымыз