📌 Облыстық білім басқармасында ұстаздарға арналған ерекше форматтағы мерекелік шара өтті

📌 Облыстық білім басқармасында ұстаздарға арналған ерекше форматтағы мерекелік шара өтті

 

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының акт залында «Ұстазға алғыс» атты мазмұнды да әсерлі мерекелік шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – басқарма қызметкерлерінің өз ұстаздарына алғыс білдіруі арқылы ұрпақтар сабақтастығын насихаттау, ұстаз еңбегіне құрмет көрсету болды.

🔹 Бағдарлама аясында:
– «Алғыс бұрышында» қатысушылар өз ұстаздарына арналған жүрекжарды тілектерін арнайы блокнотқа жазып қалдырды;
– «Дыбыс қабырғасында» QR-код арқылы ұстаздардың шәкірттері туралы айтқан бейнежазбалары көрсетілді;
– «Ұстаздан түйген бір сөз» видеожобасы аясында басқарма қызметкерлері ұстаздарынан алған тағылымды кеңестерімен бөлісті;
– «Алғыс эстафетасы» бөлімінде ұстаздарға гүл шоқтары мен алғыс хаттар табысталды.

🎤 Шараның алғашқы құттықтау сөзін облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин айтып, ұстаздардың қоғамдағы орны мен еңбегінің маңызын атап өтті.

✨ Шара соңында ұстаздар ерекше ықыласпен ұйымдастырылған құрметке ризашылықтарын білдірді