📢 Құттықтаймыз!

📢 Құттықтаймыз!

БҚО командасы республикалық слетте үздік нәтиже көрсетті!

2025 жылдың 25–26 қыркүйегі аралығында Батыс Қазақстан облысының құрама командасы Ақмола облысы, Сандықтау ауданында өткен «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетіне қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

🌍 Слетке еліміздің 20 өңірінен келген командалар бақ сынады. БҚО командасы Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының қолдауымен қатысып, бірнеше аталымда жүлдеге ие болды:

🏆 Нәтижелер:
* «Туристік кедергілер жолағы» – II орын
* Жартасқа өрмелеу жарысы – III орын
* «Туристік маршруттар» – III орын
* «Туристік әндер» байқауы – II орын
* Жалпыкомандалық есеп бойынша – II орын!

👥 Команда құрамында Ақжайық, Бәйтерек, Жәнібек, Қаратөбе, Шыңғырлау аудандарының, Орал қаласының және ОБЖТжЭО-ның білім алушылары бар.
🔹 Жетекшілері: Райгуль Альмуханова, Әди Темірболат.

💐 Жас туристерімізді, жетекшілерін және ұйымдастырушыларды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!
#БҚО #ТуризмОрталығы #МеніңОтанымҚазақстан #ЖасТурист #Жеңіс2025